ҰҚК департамент басшысының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

ҰҚК департамент басшысының бұрынғы орынбасары қамауға алынды
Сурет: Kuzbass1.ru

Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес ақпарат түгел жария етілмейді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұқанов сот шешімімен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Мұқановқа және басқа да жауапты мамандарға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеп жатыр. 2022 жылғы 5 қазанда Талғат Мұқанов сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауға алынды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді.