ҰҚК Алматы департаментінің бұрынғы басшысы тергеуге алынды

ҰҚК Алматы департаментінің бұрынғы басшысы тергеуге алынды
Сурет: Inbusiness.kz

Мәжілов қаңтардың ортасында жұмысынан босаған болатын.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәжілов тергеуге алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sputnik.kz сілтеме жасап.

Мәжіловтен басқа, ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы жетекшісі Руслан Ысқақовқа қатысты да тергеу жүріп жатыр.

 «Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Н.Мәжілов пен Р.Ысқақовқа қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаймыз», - делінген Бас прокуратураның жауабында. Хатқа Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Б.Мәжренов қол қойған.

Алматыда қанды қаңтар оқиғасы басталған кезде, ҰҚК Алматы департаментін осы Мәжілов басқарған. Бас прокуратура оқиға басталған кезде ҰҚК департаментінің басшылығы әрекетсіз отырды дейді. Осылайша, Мәжілов қаңтардың ортасында жұмысынан босаған болатын.