Үкіметтегі ауыс-түйіс

Үкіметтегі ауыс-түйіс
Сурет: Dauletten.kz

Сенат аппаратының басшысы тағайындалды.

Бүгін Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ибрагимұлы Әлжан Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Cонымен қатар, бүгін аппараттық кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Азаматтық авиация комитетінің жаңа орынбасары Тимур Тілегеновты таныстырды.

Ол бұл лауазымға меритократия қағидаты негізінде ҚР Президенті Әкімшілігімен және ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша тағайындалды.