Үкіметте теміржол тасымалына тариф белгілеу мәселелері қаралды

Үкіметте теміржол тасымалына тариф белгілеу мәселелері қаралды
Сурет: Ашық дереккөз

Теміржол инфрақұрылымын дамыту жоспары талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия компаниялары қызметінің және саланы дамытудың бірқатар өзекті мәселесі қаралды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Үкімет сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңеске қатысушылар жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, перспективалы кен орындарын игеру және шикізат пен отынды тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту жоспарларын талқылады.

Сонымен қатар теміржол тасымалына тариф белгілеу, өнім экспортын ұлғайту, өнеркәсіп нысандарын газбен қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселе қозғалды.

Кеңеске «Қазақстан темір жолы» және QazaqGaz ұлттық компанияларының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Премьер-Министр уәкілетті ведомстволарға бизнес өкілдері көтеретін түйткілді мәселелер бойынша шараларды пысықтауды жеделдетуді және келесі кеңесте нақты ұсыныстар беруді тапсырды.