Үкіметте әлеуметтік кәсіпкерлік институтын дамыту мәселесі талқыланды

Үкіметте әлеуметтік кәсіпкерлік институтын дамыту мәселесі талқыланды
Сурет: Kazgazeta.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесіне қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жиынға барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов, сонымен қатар мүдделі министрліктер қатысты.

Жиында әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері, сондай-ақ осы институтты дамыту және одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы азық-түлік өнімдерін өткізу шығындарын субсидиялау мәселесі қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары әкімдіктерге, атап айтқанда, жаңадан құрылған өңірлерге әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шараларын қабылдауды қамтамасыз етуді және жұмысты жандандыруды тапсырды.