Үкімет «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады

Үкімет «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады
Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Үкіметі «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен. 

Бұған дейін «Зерде» холдингін жабу жылына шамамен 3 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі хабарланған болатын. 

2016-2021 жылдарының ішінде холдингтің жинақталып қалған шығыны 7 млрд теңгеге жетіп отыр.