Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды

Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды
Сурет: SK.kz

Бұл қызметті бұған дейін Джон Дудас атқарған.

Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесін басқарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Бұл қызметті бұған дейін Джон Дудас атқарған. Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде Директорлар кеңесінде қалады.