Үкімет басшысы Қазақстан экономикасы жайлы есеп берді

Үкімет басшысы Қазақстан экономикасы жайлы есеп берді
Cурет: Akorda.kz

Үкіметтегі кеңесте сөз сөйлеген Премьер-Министр Әлихан Смайылов сыртқы қысымдарға қарамастан, экономикада оң өсім барын айтты.

Үкімет басшысының сөзінше, жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан экономикасы 4,9% өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгінде ұлттық экономика қолайсыз сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты өсу жолына түсті. Сонымен қатар әлемде санкциялық саясаттың шиеленісуі, жеткізу тізбегінің үзілуі, инфляция мен азық-түлік бағасының өсуі жаһандық экономиканың баяулауына үлкен әсер етіп жатыр. Атап айтқанда, Халықаралық валюта қоры жаһандық инфляция болжамын 2023 жылы 7 пайызға дейін көтерсе, жаһандық экономикалық өсу болжамын 2,8 пайызға дейін төмендетті», – деді Әлихан Смайылов.