Үкімет басшысы Бас прокуратураға бірқатар энергетикалық нысандарды тексеруді тапсырды

Үкімет басшысы Бас прокуратураға  бірқатар энергетикалық нысандарды тексеруді тапсырды
Cурет: Primeminister.kz

Елдегі бірқатар энергетикалық нысандар тексерілмек.

Үкімет басшысы Бас прокуратураға осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осы жұмыс арқылы жекешелендірудің қай деңгейде жүргізіліп жатқаны анықталмақ. Бұл туралы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Жиында квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттары талқылады. Қазір осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр.