Үкімет басшысы ауыл балаларының денсаулығына скринг жасауды тапсырды

Үкімет басшысы ауыл балаларының денсаулығына скринг жасауды тапсырды
Сурет: Dknews.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министрлігіне осындай тапсырма берді. 

Оның айтуынша, жазда ауыл балаларының денсаулығына скрининг жасау керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Денсаулық сақтау министрлігі шалғай елді мекендерде балалардың денсаулығына скрининг жасау, стоматологиялық тексеру жүргізу үшін жылжымалы медициналық пунктердің жұмысын ұйымдастыруы тиіс», - деді ол.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов қоғамдық орындарда балалардың тамақтану сапасын бақылап, тамақтану және ойын-сауық орталықтарындағы санитарлық жағдайды қамтамасыз ету маңызды екенін еске салды.

«Барлық лагерьлер медицина қызметкерлерімен, тиісті педагогтармен және тәрбиеші кадрларымен қамтамасыз етілуі қажет», - деді Премьер-Министр.