Йеменде қарулы адамдар БҰҰ-ның қызметкерлерін ұрлап әкетті

Йеменде қарулы адамдар БҰҰ-ның қызметкерлерін ұрлап әкетті Cурет: aa.com.tr

Экстремистер кепілдегілерді өздерінің жақтастарына ауыстырғысы келеді


Сенбі күні Йеменде қарулы адамдар БҰҰ-ның гуманитарлық бір құрылымының алты адамын ұрлап әкеткен, оның бірі шетелдік азамат болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Ньюс Йемен» порталының мәліметінше, БҰҰ қызметкерлерін елдің оңтүстігіндегі Абьян провинциясында қарулы топ ұстап әкеткен, олар Аденге қайтып келе жатқан. Содырлар сонымен қатар БҰҰ қызметкерлерін алып жүрген әскери полиция қызметкерін де бірге алып кеткен. 


Алдын ала болжам бойынша, экстремистер кепілдегілерді өздерінің жақтастарына ауыстырғысы келеді, оларды бұған дейін Оңтүстік өтпелі кеңес күштері ұстаған еді.


Оңтүстік өтпелі кеңес бұл оқиғаға қатысы бар деп халықаралық «Мұсылман-бауырлар» қауымдастығын айыптады, олар өңірдегі содырларды қолдап келеді, оның ішінде «Әл-Каида» лаңкестік тобы да бар. 


БҰҰ өкілдері аталған провинцияда гуманитарлық жағдайды тексеру үшін қызметтік іссапарда жүрген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26