Яссауи көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Яссауи көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Сурет: Almaty.tv

Қалалық мобилділік басқармасы алматылықтардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Басқарманың мәліметінше, іргелес көшелерде көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Абай даңғылын Момышұлы көшесінен Қалқаман шағынауданындағы Әуезов көшесіне дейін ұзарту (2 телім)» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Яссауи көшесінің көлік қозғалысының сұлбасына келесі өзгерістер енгізіледі:

- 4-6 тамыз күндері сағ. 23.00-ден 5.00-ге дейін түнгі уақытта Паклиевский көшесінен Ұлағат көшесіне дейін Яссауи көшесі арқылы көлік қозғалысы тоқтатылады;
- көлік қозғалысы Жеті жарғы, Сәдуақасов, Рабат және Момышұлы көшелері арқылы жүзеге асырылады.