«Яндекс» компаниясының акциялары құлдырады

«Яндекс» компаниясының акциялары құлдырады
Сурет: Yandex.ru

Ресейдің «Яндекс» компаниясының акциялары 10 процентке құлдырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл 2017 жылдан бері болмаған жағдай. Бұған Еуроодақтың жаңа санкциялар пакеті себеп. Бұл тізімде интернет-холдингтің негізін қалаушы Аркадий Волож да бар. Жаңа шектеу шаралары жарияланғаннан кейін бизнесмен «Яндекстегі» басқарушы қызметінен кеткен.

Жалпы Еуроодақтың Ресейге қарсы бұл жолғы алтыншы санкциялар тізіміне 18 ұйым мен 60-тан аса жеке тұлға кіріп отыр.