Яна Хан мен Нұртілек Қажығали Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Яна Хан мен Нұртілек Қажығали Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті
Сурет: Olympic.kz

Жарыс аяқталды.

Нұр-Сұлтанда шорт-тректен Қазақстан біріншілігінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап. 

Бүгін 1000 метрге жүгіруден ерлер мен әйелдер арасындағы жарыс аяқталды. 

Әйелдер арасында Яна Хан (Нұр-Сұлтан) жеңіске жетсе, Алена Волковицкая (Қостанай облысы) екінші, Мадина Жанбосынова (Нұр-Сұлтан) үшінші орын иеленді. 

Ерлер арасында оралдық Нұртілек Қажығали топ жарды. Күміс медальді Санжар Жеңісов (Нұр-Сұлтан), қоланы Еркебұлан Шамұханов (Павлодар) жеңіп алды.