Қызмет нәтижелерін қорытындылады

 

XII Алматы Азаматтық форумының нәтижелері мен Алматы қалалық Азаматтық орталығының үш жылдық қызметінің нәтижелерін қорытындылап, «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қоры дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, түрлі қалалық құрылымдардың мамандары және белсенділер қатысты.

Алматы қалалық Азаматтық орталығының негізгі қызметі азаматтарға және ҮЕҰ-ға консультациялық қызмет көрсету, коммерциялық емес ұйымдарды құру мен жүргізуге байланысты оқу-әдістемелік, құқықтық, қаржылық мәселелер бойынша қолдау болып табылады. Орталықтың соңғы үш жылындағы ынтымақтастықтың негізгі механизмдері мен бағыттары 2192 консультацияда, 1340 ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелерде, 852 құқықтық сипаттағы консультацияларда көрініс тапқан.

Азаматтық орталықтың бастамасымен жүзеге асырылған жобалар білім беру әлеуетін дамытуға бағытталған. Олардың шінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: байқауға қатысудың жаңа ережелері және көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау; әлеуметтік дизайн: дизайнерлік ойлау; халықаралық донор байқауына қатысу процесі; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер; ҮЕҰ үшін практикалық маркетинг; мониторинг және бағалау: әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттыру шарттары; ҮЕҰ қаржылық тұрақтылығы: қаржылық сауаттылық негіздері және тағы басқалар қамтылған.

Осы уақыт ішінде білім беру семинарларына, тренингтерге, вебинарларға қатысқандардың саны 1381 қатысушыны құраған. Төтенше жағдайлар мен карантин кезеңінде Азаматтық орталық ZOOM платформасында 20 онлайн-оқыту веб-семинарларын, мамандандырылған құрылымдар мен кездесулер болғанын атап өткен жөн.

«Орталықтың маңызды оқиғасы Алматы бойынша қолданыстағы ҮЕҰ туралы анықтамалықты жаңарту бойынша атқарылған іс-шара болды. 2019 жылға сәйкес олардың саны 564 ұйымды құрады, ал биылғы жылы 630 ұйымға дейін өскен. Орталық жұмысының арқасында екі тілде әдістемелік буклеттер шығарылды. Онда өзекті тақырыптар, заңдар, ережелер және ҮЕҰ қызметіне қатысты басқа да ақпараттық материалдар  қамтылған», – деп түйіндеді Алтынай Көбеева.

Дөңгелек үстелдің келесі бөлігі Алматы қаласының XII Азаматтық форумында көрсетілген ұсынымдардың орындалуы туралы есеп форматында өтті. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лейла Тұрсынбаева «Аңсаған Сәбидің» 2021 жылдан бастап ЭКО квоталарын ұлғайту бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпаратпен бөлісті. Осыған байланысты көптеген облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары ЭКҰ-ға науқастарды таңдау критерийлерін қайта қарауды талқылады. Алматы қалалық Білім басқармасының өкілі 9 бағытты қамтыған ұсыныстарымен бөлісті.

 

Айым НҰРМАН

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *