«ҚЫЛАУ АМАЛЫ»  ҚЫЛАҢ БЕРДІ

азақы пайым

 

Айдың 25-іне  дейін жалғасатын ылғалды әрі  ызғарлы амал. «Қара суық», «Тоқырау»   деген қосымша аты бар

 17 қаңтардан  бастап «Қыс шілдесі» жүріп жатыр. Ол  «Сары аяз» деп те аталады. Аяздың шарықтау шегі осы айдың 25–27-іне дөп келеді. Сол сияқты, қаңтардың  20 жаңасынан  «Қылау» амалы қылаң берді. Айдың 25-іне  дейін жалғасатын амал. Оның «Қара суық»  «Тоқырау»  деген аты бар.

Бұл кез – үскіріктің аса қатты кезі. Бұл амалды қазекең «Қызыл соғып тұр», «қызылдатып тұр» деп те атайды. Аяз бет қаратпай, үскірік жалап тұратын, ағаш бұтақтарына сүңгі тұрып, қар кеш батқанша қылаулап жауады.

Осы мезгіл қысқы тоқырау кезі болғандықтан амал «Тоқырау» аталған. Бұрынғы жұлдызшы-есепшілер осы амалдан бастап күн ұзарады деп болжаған. Қар қылаулап жауатын болған. «Қылау»  деп айталуының мәнісі сол. Бұған қарап халқымыз «қарды қылау өсіреді, баланы сылау өсіреді» деп мақалдаған.

Қазақтың әр айда келетін амалдарының саны жиырма төрт. Бұл амалдар

екі-екіден он екі айдан орын алған. Алғашқы он екісі (наурыздан бастап) – шуақты, жылы болып келетін алты айдікі, екінші он екісі (қыркүйектен бастап) – қытымыр, дауылды болатын алты айдың еншісінде. Олар өз ішінен алтауы – көктем маусымына, алтауы – жаз маусымына, алтауы – күз маусымына, алтауы – қыс маусымына бөлінеді. Бабалардың  болжамдарына, айтқан, ескерткен пайымдарына сүйене отырып, мен сол 24 амалды түгел атап көрсеттім. Әрбір амалдың уақытын, мінезін, қандай қаупі барын, олардан  бабаларымыздың қалай сақтанғанын жаздым.

Қолданыстағы күнтізбе бүгін қаңтардың – 21-ін көрсетіп тұр. Ай жүйесі бойынша, қаңтардың –  8-і, қазақша  есепке сүйенсек, қаңтардың 7-і. Қаңтардың 15 күні жаңа ай – Ақпан туды. Ол айдың мінезін, болмысын, қалай болатынын жаңа туған айға қарап, бабалардың айтып кеткен тәсілі бойынша болжам жасадық: Алматыда алдағы аптада, яғни  21–27 қаңтар аралығында әдеттегіден көп ылғал түседі. Жауын-шашын көрініс береді. Бірақ жылылық сақталады. Осындай жорамалға келдік…

 

Бабалар айтады:

Желдің түрі

*Сырма – сусымалы бұрқақ.

*Тентек жел – ала құйын есер жел.

* Толағай – толассыз соққан жел.

*Түтек – алай-дүлей боран.

*Үрме жел – екпіні бір басылып, бір

көтеріліп соғар жел.

*Үскірік жел – күзгі, қысқы құрғақ

суық жел.

*Ызғырық жел – өңменнен өтетін жел.

*Ықтырма жел – адамды да, малды да

ықтырып, бет қаратпайтын суық жел.

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *