Алғаш рет «XX22» музыкалық фестивалі ұсынылды

Алғаш рет «XX22» музыкалық фестивалі ұсынылды
almaty-akshamy.kz

Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі алғаш рет «XX22» атты музыкалық фестивалін көрермендерге ұсынды. Өнер ордасы әлемде аналогы жоқ бұл фестивальді жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Мерекелік іс-шарада «ХХ ғасырдың кіріспесі» болатын бірінші бөлігі ұсынылды, онда XIX-XX ғасырлар тоғысында жазылған симфониялық шығармалар орындалды. Густав Малер, Рихард Штраус сияқты композиторлар өздерінің симфониялық шығармаларында постромантизмнің шекарасын кеңейте түсті.

Фестиваль өз тыңдармандарына Қазақстанның дарынды музыканттары және әлемдік деңгейде аттары танымал Ержан Кулибаев, Граф Муржа, Михаил Кирхгофф сынды арнайы шақырылған қонақтардың орындаушылық өнері арқылы көрнекті композиторлардың шығармашылық әлеміне енуге мүмкіндік берді.

«Алдағы жылдары жеке орындаушылардан бөлек, ірі ұжымдарды да шақыру жоспарымызда бар.  Алматы тұрғындары мен қонақтарын ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келген музыканттардың басын біріктіретін маңызды оқиға болды», - дейді театр ұжымы.