WTA рейтингі жаңарды: Елена Рыбакина 17-орынға көтерілді

WTA рейтингі жаңарды: Елена Рыбакина 17-орынға көтерілді
Сурет: Olympic.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA рейтингінде позициясын жаңартты

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олипиада комитетіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өз позициясын жақсартып, қазір 17-орынға көтерілді. Ал Юлия Путинцева 11 сатыға төмендеп, 44-ші орынға жайғасты. Зарина Дияс бес сатыға көтеріліп, әлем рейтингінде 105-ші орында тұр.

Жұптық санат бойынша Анна Данилина бір саты жоғарылап, 88-орынға көтерілді. Өз кезегінде Жібек Құламбаева мен Гозал Айтиндинова 466 және 493 орындарды иеленді.