Winter Run: 20 ақпанда Алматы қаласы жолдарының бір бөлігі жабылады

Winter Run: 20 ақпанда Алматы қаласы жолдарының бір бөлігі жабылады zbody.com

Winter Run жарысының ұйымдастыру комитеті Алматы тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


20 ақпан күні Winter Run жарысы өтетін уақытта, яғни, таңғы сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін жарыс қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.


Жарыс сөресі «Нұрлы-Тау» бизнес орталығының жанынан басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін жабық болады.


Әл-Фараби даңғылы бойында туннельге кіретін аймақ Меңдіқұлов көшесінен бастап сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін жабық болады.


Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен автокөліктердің жүруіне болады.


Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Желтоқсан көшесінен Esentai Mall сауда орталығына дейін қозғалыс сағат 07:40-тан 11:00-ге дейін жабық. Оңтүстік жағы автокөліктер үшін ашық.


Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Esentai Mall сауда орталығынан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс сағат 08:30-дан 10:45-ке дейін жабық болады. Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.


«Нұрлы-Тау» бизнес-орталығына көлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:


1. Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,


2. Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,


3. Әл-Фараби даңғылының бойымен батысқа қарай Назарбаев даңғылына дейін,


4. Назарбаев даңғылының бойымен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,


5. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Желтоқсан көшесіне дейін.


«Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыстың басталу орнына («Нұрлы-Тау» БО) Әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Сөре қалашығының жанында көлікті тұраққа қою қиын болатындығына назарларыңызды аударамыз»,- деді ұйымдастырушылар


Естеріңізге салайық, 20 ақпанда (жексенбі) Winter Run жарысы өтеді. Спорт әуесқойларына 3 км жүгіру қашықтығы ұсынылған. Олар:


3 км балалар қашықтығы,


10 км және 7 км скандинавиялық жүріс.


Қатысушылардың жас мөлшері – 10 жастан жоғары. Жарыс «Нұрлы-Тау» бизнес орталығының жанында басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:46

09:23

08:41

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50