WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
Сурет: Ru.techbriefly.com

WhatsApp-та стикерлер жасауға болады

Танымал мессенджер WhatsApp-тың веб-нұсқасында стикерлер құру функциясы іске қосылды. Бұл туралы Gizmochina порталы хабарлаған. 
Пайдаланушыларға өз стикерлерін қарапайым суреттерден жасау ұсынылады. Редакциялау құралдарына смайликтерді қолдануға болады, оларды стикердің үстіне орналастырып қойса болады. Мәтін қою, қиып алу және басқа суреттерді де негізгі суреттің үстіне қоюға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новостиға сілтеме жасап.
Стикер жасау мүмкіндігіне қол жеткізу үшін WhatsApp-тың веб-нұсқасында тіркеме белгішесін басып, Sticker-ді басқаннан кейін, суретті таңдау керек. 
Бұл функция әзірге мессенджердің тек веб-нұсқасында істейді. Жаңа мүмкіндіктің Android пен iOS пайдаланушылары үшін қашан шығатыны белгісіз.