Волейболдан алматылық команда қолаға сайысады

Волейболдан алматылық команда қолаға сайысады
Сурет: Оblgazeta.ru

Қызу дода болмақ

Ұлттық Олимпиада комитеті Таиландта волейболдан өтіп жатқан клубтар арасындағы Азия чемпионатының алтыншы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан атынан сынға түскен алматылық «Буревестник» жеребе қорытындысы бойынша А тобына түсіп, Таиланд, Ирак, Шри-Ланка және Кувейт командаларымен ойнады. 

Өз тобында бірінші орын алған қазақстандықтар В тобында екінші орын алған Катар командасымен жолығып, тартысты кездесуде 2:3 есебімен ұтылып қалды. 

Сонымен қатар, «Буревестник» үшінші орынға таласта жергілікті Таиланд командасымен кездеседі.