Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы АҚШ-тан жеңіліп қалды

Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы АҚШ-тан жеңіліп қалды
Сурет: 24.kz

Қазақстан құрамасы волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы кездесуінде қазақстандық волейболшылар АҚШ құрамасымен шеберлік байқасты. Алғашқы сетте олар қарсыласына 16:25 есебімен жол берсе, екінші сетте тағы да 13:25 есебімен жол берді. Шешуші үшінші сетте де 12:25 есебімен жеңілістің ащы дәмін татты.

Осылайша ел құрамасы қарсыласына 0:3 есебімен жеңілді.

Қазақстандық волейболшылар С тобында сынға түсетіні белгілі. Қарсыластары – АҚШ, Сербия, Германия, Болгария және Канада.

Ұлттық құрама енді 26 қыркүйекте Германиямен кездеседі.

Қазақстандық волейболшылар әлем чемпионаты финалдық сатысында бесінші мәрте бақ сынап отыр. Бұдан бұрын жалпы командалық есепте 2018 жылы – 17, 2010 жылы – 21, 2014 жылы – 15, 2018 жылы – 24-орынға жайғасқан болатын.

Дүбірлі дода Нидерланд және Польша мемлекеттерінде 23 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама қатысып, төрт топта бақ сынайды.