Vero Cell вакцинасының тиімділігі 72 %

Vero Cell вакцинасының тиімділігі 72 % Сурет: Тrend.az

Бұл туралы бүгін өткен «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың таралуын алдын алу туралы» атты онлайн баспасөз-конференциясында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді.


Қаладағы эпидахуалға толық тоқталып, жағдайды түсіндірген басқарма басшысы Қытайдың Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы туралы да мағлұмат берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.



«ДДСҰ бұл вакцинаны мақұлдаған, оның тиімділігін 72 % деп бағалаған. Бұл да Қытайдың Sinopharm компаниясының өнімі. Жанама әсері де, екпеден кейінгі жағдай да дәл басқа вакциналарға ұқсас. Кей жағдайларда жүрек айну, құсу, әлсіздік, ұйқы басу сияқты әсерлері байқалады», деді Нариман Табынбаев.



Vero Cell вакцинасын 18 жасқа толған адамдарға салу ұсынылған. Vero Cell вакцинасының бір дозасы – 0,5 миллилитр. Вакцинаның екі дозасын салдыру ұсынылады. Екеуінің арасы 3-4 апта немесе 21-28 күн болуы қажет.



«Қаладағы екпе алу пункттерінде осы вакцинаға тұрғындар сұранысы артып отыр. Бүгінше біздің қолымыздағы мәлімет бойынша, 27 адам дәл осы екпені алды», -деді басқарма басшысы. 




 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10