Венада коронавирус құрбандарын еске алды

Венада коронавирус құрбандарын еске алды
Сурет: 24.kz

Елде коронавирус таралғалы 13 мың адам көз жұмған

Австрия астанасында коронавирустан қаза тапқан жандарды еске алу шарасы өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Венаның орталығындағы көшелердің бірінде өткен шараға 30 мыңнан аса адам қатысты. Азаматтар қолдарына шам ұстап, ұялы телефондарының жарығын қосып, бірнеше минут үнсіз тұрды. Акция медицина қызметкерлеріне де қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды. Себебі соңғы апталарда елде шектеу шараларына қарсы шеру белең алған. Айта кетейік, Австрияда коронавирус індеті таралғалы вирустан 13 мың адам көз жұмған.

«Біз бұл шара арқылы коронавирус құрбандарын еске алумен қатар медицина сала қызметкерлеріне қолдауымызды білдіргіміз келеді. Себебі коронавирусқа күмәнмен қарап, наразылық шерулерін өткізіп жатқандарға да біз өзіміздің ұстанымымызды көрсетуіміз қажет», - шараға қатысушы Клаус.