Велоспорттан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жасөспірімдері анықталды

Велоспорттан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жасөспірімдері анықталды
Сурет: Olympic.kz

Құрама сапында 13 спортшы бар 

Қазақстанның ұлттық құрамасы Израильдің Тель-Авив қаласында өтетін тректегі велоспорттан әлем чемпионатына аттанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Құрама сапында 13 спортшы бар. Олар: Кирилл Курдиди, Мирас Алпатов, Рамазан Мұхтар, Ризван Бейсенбаев, Илья Карабутов, Вадим Белугин, Аслан Сыйлықбек, Жалғас Әбубақар, Вячеслав Сичкарев, Елизавета Склярова, Дария Казакбай, Алина Юнкман, Елизавета Гринберг.
Жарыс 23-27 тамыз аралығында өтеді.