Велоспорттан «Абай жолы» көпкүндігінің жеңімпазы анықталды

Велоспорттан «Абай жолы» көпкүндігінің жеңімпазы анықталды
Сурет: Olympic.kz

Өскеменде велоспорттан «Абай жолы» көпкүндігі мәресіне жетті

Республикалық додада Асылхан Тұрар топ жарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызылордалық спортшы 2-ші және 4-ші кезеңінде үздік деп танылған болатын. Соның нәтижесінде соңғы кезеңге дейін көшбасшылықты сақтап, жарыс жеңімпазы атанды.
Екінші орынға шымкенттік Даниил Марухин ие болса, елордалық Григорий Штейна үздік үштікті қорытындылады.