Велоспорт бесінші алтын алып келді

Велоспорт бесінші алтын алып келді
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті

 Велоспорттан жарыс жолына түскен Алексей Луценко - Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды. Тас жолдағы веложарыста сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбашысы 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтынын еншіледі

Осыған дейін, Алексей 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған еді.