Велосипедтің тиімділігі мол

Велосипедтің тиімділігі мол
Сурет: Velolive.com

Велосипед тебушілер саны артуда

Қазір барша әлемде велосипедті пайдалану жағы артқан. Тіпті ең тиімді құрал десек, шатаспаймыз. Әсіресе, үлкен мегаполистерде қажетіңізге жарайды. Баратын жеріңізге еш кептеліссіз, жылдам жетуге мүмкіндік береді. Бұл үшін артық қаражат жұмсамайсыз. Аталған экологиялық көлік құралы сіздің жеке мүлкіңіз болса, тіпті керемет.   

Қаламызда алғаш болып «Almaty bike» жобасы «Самұрық Қазына» АҚ бірлесіп орнатылған болатын. Бұл - дүние жүзіндегі қоғамдық көлік, машинадан бас тартқан Сингапур, Малайзия, Токио, Пекин, Шанхай сынды мегаполюстер мен елдердің озық тәжірбиесі.

Бүгінде Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай сияқты Шығыс-Азия мемлекеттері қоғамдық көлікті былай қойып, шайтан арбаларға ауысқан. Мұнда уақыт үнемделеді, қоршаған ортаға зиянсыз әрі денсаулыққа пайдалы. Жаһан жұртшылығы бірте-бірте экологияға пайдалы дүниелерге ауысуда.

Алматы – еліміз бойынша велосипед қолданушылары бойынша бірінші нөмірлі шаһар. Бізде бейресми дерек бойынша, 3 милионға жуық адам ғұмыр кешеді. Соңғы уақыттары қоғамдық маршурттар орнын гидроскутер, электросамокаттор алмастыруда. Бұл тұрғындарға ең қолайлы, ең жеңіл, ең ыңғайлы қатынас тетігі болып тұр. Сондай-ақ «Өзім» «Алматы байк» т.б қосымшалардан өзіңізге қажетті транспорттық құралдарды қолдана аласыз.

Әлгінде сөз басында айтқанымыздай, өте қажетті құрал. Ең бастысы, денсаулыққа пайдасы зор. Барлық дене қозғалады. Түйіндей келе, велосипед пайдалы әрі экологиялық тиміді көлік болып саналады демекпіз.