Василий Жировтың есімі Қазақстан атынан алғашқы болып Даңқ залына енді

Василий Жировтың есімі Қазақстан атынан алғашқы болып Даңқ залына енді
Сурет: Prosports.kz

Бұл тізімге Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Майк Тайсон, т.б атақты боксшылар кірген.

Атланта Олимпиадасының жеңімпазы Василий Жировтың есімі Қазақстан атынан алғашқы болып Даңқ залына енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сурет: AP Photo

Даңқ залы — әлемдік бокс тарихында айтарлықтай із қалдырып, мансабын аяқтап кеткен боксшылар коммисия шешімімен кіреді. Бұл тізімге Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Майк Тайсон, т.б атақты боксшылар кірген. 

Жерлесіміз әуесқой бокста 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, Атланта Олимпиадасында топ жарған. Сондай-ақ ең мықты боксшыға берілетін «Вэл Баркер» кубогын иеленген. 

Кәсіпқой бокста 1997-2009 жылдар ара­лығында 42 мәрте шаршы алаңға шыққан. 38 рет жеңіс тойы­н (3 жеңіліс, 1 тең) тойлады. 32 қарсыласын нокаутқа жіберді. 1999 жылдың 5 маусымында АҚШ-тың Миссисипи штатындағы Билоски қаласында IBF нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін таласып, жергілікті боксшы Артур Уильямсты жетінші раундта жеңді. 

Чемпиондық атағын 4 жыл бойы қорғап, 2003 жылы Джеймс Тониден алғаш рет мансабында жеңілген.