Валентина Хальзова «Странджа» турнирінің финалына жолдама алды

Валентина Хальзова «Странджа» турнирінің финалына жолдама алды
Сурет: Prosports.kz

Бұл - «Странджа» кубогы. 

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирінде бесінші жарыс күні аяқталуға жақын, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап. 

Күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан спортшылар арасынан Алуа Балқыбекова жеңіліс тапты. Ол украиналық Ханна Охотаға 2:3 есебімен жол берген. 

70 келідегі Валентина Хальзова мен 81 келідегі Анастасия Баязитова жартылай финалға өтті.

Олар тиісінше ресейлік Дарима Сандакова мен өзбекстандық Сохиба Рузметованы ұтқан.