Вакциналаудың жалған құжатын жасаушыларды не күтіп тұр?

Вакциналаудың жалған құжатын жасаушыларды не күтіп тұр?
Сурет: Interfax.ru

Жаңа штамдардың пайда болуына байланысты жалған құжат жасаушыларға деген сұраныс арта ма?

Бұл сұраққа бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қаламызда болған бірді-екілі жағдайлардан кейін біз мекемелердің бірінші басшыларын екпе пункттеріне тексеріс жүргізіп, мониторинг жасап отыруға міндеттедік. Жемқорлыққа жол бермеу мақсатында барлық медицина мекемесінің басшысы осы мәселеге басымен жауап берсін деп ұйғардық. Егер мұндай жағдай бола қалса, мекеме басшысы лауазымды орнынан кетеді. Бұл туралы біздің мекеме басшыларының бәрі құлағдар болды», - деді Лаура Мырзағали.