Вакцинаның жалған құжатын жасағандарды қандай жаза күтіп тұр?

Вакцинаның жалған құжатын жасағандарды қандай жаза күтіп тұр?
Сурет: Newtimes.kz

Бұған дейін біз «Достар Мед» және «Сұңқар» қызметкерлері жалған құжаттар жасағаны үшін ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Жалған құжат жасап қолға түскен медицина қызметкерлері туралы бүгін Алматы қалалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Басқарма басшысының айтуынша, Алматы медициналық мекемелерінде вакцина құжаттарын қолдан жасаудың екі жағдайы анықталып, дәлелденген. Оның біріншісі осыдан 2,5 ай бұрын №21 емханада анықталса, екіншісі №4 қалалық емханада белгілі болған.


«Бұл жағдайларды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өзі анықтады. Сонымен қатар, осыған қатысты жағдайды полиция департаментіне өзіміз жолдадық. Қазір тағы бір емдеу орнын анықтау бойынша полицияға жүгіндік. Сондай-ақ мұндай жағдай қайталанбас үшін құқық қорғау органдарымен бірге вакцина салынатын орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді ол.


 Сонымен қатар, ол жалған вакцина паспортын жасаған медицина қызметкерлеріне қандай жаза қолданылатынын айтты. 


«Бұл адамдар жалған құжат жасап, вакцинаны жойған. Қазір олармен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ал, мекеме басшылары жұмыстарын жалғастыруда. Тергеу жұмыстары аяқталған соң бәрі белгілі болады», - деді басқарма басшысы.