Вакцинаның пайдасы мол

Вакцинаның пайдасы мол
Сурет: Аqmolanews.kz

Вакциналар коронавирустың мутацияланған жаңа штамдарынан қорғайды

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның жоғары қарқыны қолданыстағы вакциналарға төзімді штамдардың ықтималдығын төмендетеді. Бұл пікірді Алматы қаласының жоғары санатты дәрігері, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Наталья Рахальская айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Тұрақты эпидемиологиялық жағдайға оралу уақыты сіз бен бізге байланысты. COVID-19 - өте қауіпті ауру», - дейді Н. Рахальская.


 
Дәрігер коронавирустың рецепторлары тек өкпеде ғана емес, сонымен қатар дененің басқа мүшелері мен жүйелерінде бар екенін түсіндірді. Вирус жүрек тінінің жасушаларында, бүйректе және тамырлардың ішкі бетін қаптайтын эндотелийде белсенді түрде көбейе алатыны белгілі, бұл тромбозға әкеледі.

COVID-19 кезінде орталық жүйке жүйесінің әр түрлі зақымдануы әр түрлі.
 
Сондықтан вакциналану маңызды. Барлық елдер халқының 70%-ының вакциналануы пандемияны тоқтатуға мүмкіндік береді. Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал әлі де ушығып тұр.


 
«Соңғы ғылыми дәлелдер КВИ вакциналарының кез келгені жаңа штамдар мен мутацияларға қарсы өте тиімді екенін көрсетеді. Біз жаңа шындықты қабылдауға тиіспіз, дәл қазір бұл вирус өмір сүруде және, ең бастысы, адамдар арасында таралуда. Сондықтан вирустан «қорғану» қажет. Ол үшін вакцина салдырған жөн», - деді  дәрігер Н.Рахальская.


 
Вакцинаны адамдардың барлығының алғаны абзал, тіпті иммунитеті төмен жандар да. Сонда ғана ұжымдық иммундауды қалыптастыруға болады.

«Біз өз тәжірибемізде ревматоидты науқастарға, оң ВИЧ статусы бар адамдарға, тіпті 80 жастан асқан қарттарға екпе салдық. Олардың барлығы екпені дұрыс қабылдады. Вакциналану қауіпті дерттің алдын алады және деніміздің сау болуына көмектеседі», - деді Н. Рахальская.

«Тағы қайталап айтсам, иммунитетті жоғарылатудың бірден-бір тиімді жолы әдісі – вакциналану. Оның үстіне, бұл елімізде қолжетімді, көрші елдерде ол барынша тапшы», - деп түйіндеді сөзін алматылық дәрігер.