Вакцинаның толық курсын алған адам үй карантиніне жіберілмейді

Вакцинаның толық курсын алған адам үй карантиніне жіберілмейді
Сурет: 24.kz

7-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға тексеру жүргізіледі.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алған адам үй карантиніне жіберілмейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған кезде үй карантиніне оқшауланбайды. 7-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға тексеру жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады. Егер 7-ші күні COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 тәулік өткенге дейін жалғасады», - деді Ә. Қалықова.