Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында
almaty-akshamy.kz

Елімізде 5,8 млн адам коронавирус вакцинасын толық алды


Қазақстанда коронавирус вакцинасының 2-компонентін 5,8 млн адам салдырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 12 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 7 072 523 адам вакцина салдырды, II компонентпен 5 893 619 адам», - делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 908 974 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 803 036 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 801 344 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 631 222 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы – 712 202 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 592 889 адам екінші бөлігін қабылдаған.