Вакцина онкологиялық ауруларды қоздыра ма?

Вакцина онкологиялық ауруларды қоздыра ма?
Сурет: Іnbusiness.kz

Екпеден пайда мол!

Коронавирусқа қарсы вакцина ешқандай ауру тудырмайды, бедеулікке әкеліп соқпайды және ДНҚ-ны өзгертпейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қоғамда иммундау науқанына қатысты тараған осы текті қауесеттер жайында медицина ғылымдарының докторы, инфекционист-дәрігер Ләззат Ералиева пікір білдірді. Ол COVID-19-ға қарсы екпелердің қауіпсіз екені ғылыми түрде дәлелденгенін тағы бір еске салды. Сондықтан, ең алдымен, тексерілмеген ақпарат көздеріне құлақ аспауға шақырады.

Екпе салу ешбір ауруды қоздырмайды. Керісінше, қатерлі індеттің алдын алудың бірден-бір жолы. Дертті жұқтыру көрсеткішін үш есе төмендетеді. «Ең бастысы, өлімнен сақтайды», – дейді сарапшы.

Ашық деректерге сәйкес, коронавирустың салдарынан елімізде күніне 100-ден астам науқас көз жұмады.

Медицина ғылымдарының докторы, инфекционист Ләззат Ералиева вакцинаға қатысты пікір білдірді.

«Вакцина бізге, ең алдымен, ағзадағы жасушалардың есте сақтау қабілетін жақсарту үшін қажет. Адам вирусты қайта жұқтырып алған кезде дәл осы жасушалар антиденелердің жылдамырақ түзілуіне ықпал ететін болады. Осының әсерінен адам індеттен сақ болады. Жұқтырып алғанның өзінде ауру жеңіл түрде өтеді», - деді ол.