Вакцина қабылдағандар саны 9,6 миллионға жақындады

Вакцина қабылдағандар саны 9,6 миллионға жақындады
Сурет: Bbc.com

9 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 589 129 адам, екінші компонентін 9 377 572 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, осы күні «Pfizer» вакцинасының бірінші дозасын қабылдағандар 1 239 216 адамға, екінші дозасын ектіргендер 1 200 534 адамға жетті.

Бірінші компонентімен қамтылғандар:

Жасөспірімдер – 874 648,

Жүкті әйелдер – 41 697,

Бала емізетін әйелдер – 145 471.

Екінші компанентімен қамтылғандар:

Жасөспірімдер – 860 484,

Жүкті әйелдер – 39 599,

Бала емізетін әйелдер – 142 045.