Вакцина алған зейнеткерлерге көмек ретінде бір реттік төлем берілмек

Вакцина алған зейнеткерлерге көмек ретінде бір реттік төлем берілмек
Сурет: Baltnews.lt

Егде жастағы литвалықтарға вакцина алғандары үшін төлейді

Ел Парламенті вакцина салдырған 75 жастағы және одан асқан зейнеткерлерге 100 евро көлемінде көмек ретінде бір реттік төлемақы берілетін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Евроньюс сайтына сілтеме жасап.

Екінші әрекеттен мақұлданған құжатты қолдау үшін 68 депутат өз ойын білдірді, үшеуі қарсы дауыс берді, жетеуі қалыс қалды.

Литваның премьер-министрі Ингрида Шимоните осыған қатысты ойын былай жеткізді: 

«Сіздерге өте қарапайым етіп түсіндірейін - осы арқылы тым болмағанда, бірнеше адамның өмірін сақтау мүмкін болса, онда мен адам ретінде бақытты болар едім», - деді ол.

Заң жобасын бірден қабылдау мүмкін болмады. Себебі оппозиция дауыс беру үшін тіркелмеді. Құжатқа қатысты сын айтушылар бұл әрекеттен пайда аз, ал құны жоғары болмақ деп есептейді.