Вакцина алған алматылықтардың саны жарты миллионға жуықтады

Вакцина алған алматылықтардың саны жарты миллионға жуықтады
Сурет: Нse.ru

Нақтырақ айтатын болсақ, 492 849 Алматы тұрғыны екпенің алғашқы дозасын салдырған.

ҚР ДСМ баспасөз қызметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі мәліметі бойынша,  Қазақстанда I компонентпен 3 612 610 адам вакцина салдырды, II компонентпен 2 134 938 адам екпе алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ал еліміздің барлық өңірлеріне қатысты екпе салдыру көрсеткіші мына кестеде берілген.