Вакцина алу — қоғам алдындағы борышымыз

Гүлмира АЙДАРБЕКОВА, қала тұрғыны:

– 24 сәуірде жергілікті емханаға барып, вакцина алдым. «Спутник V» вакцинасын алдымен өзіме көрсетті. Барлық құрал-жабдықты жаңадан ашты. Күні бұрын «қызуым көтеріліп қалса» деген оймен үйге қажет дәрілерді алып қойғанмын. «Ауыртса, соларды ішермін» деген ой болды. Екпені алғасын жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болдым.

Алғашқы 10 минутта қолым ауырсынды. Тағы 15 минут өткесін ішкі құрылысымнан бір сұйықтық өткендей әсерді сездім. Бақылау уақыты өткесін үйге қайттым. Басқа ешқандай өзгерісті байқамадым. Қызуым көтерілмеді, тәбетім өзгермеді, жүрек айну, бас айналу секілділер болған жоқ. Вакцина алу қазіргі жағдайда әрбіріміздің қоғам алдындағы борышымыз.

Мына дертті тек сонымен ғана жеңетін болсақ, оған не ойлану керек? Мен екпе алған күннің өзінде кезекпен кірдік. Бір жамандығы болса, сол адамның бәрі ауыратын еді ғой, оны еститін едік. Енді 8 маусымда екінші дозасын алуға барамын. Біріншісін алар кездегідей уайым, қорқыныш жоқ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *