ВАК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалды қарады

ВАК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалды қарады
Сурет:Gov.kz.

ВАК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалды қарады 

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті, онда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып қала беруде: соңғы аптада КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі 43%-ті құрады, төсек-орын жүктемесінің артқандығы және емдеуге жатқызылатын науқастар санының ұлғаю тенденциясы байқалады.

Кеңесте Денсаулық сақтау министрлігі басшылығы тарапынан қала емханаларында эпидемияға қарсы режимнің бұзылғандығы, КВИ жұқтырған науқастарға медициналық көмектің уақытылы көрсетілмейтіндігі мен сапасыздығы, сондай-ақ мониторингтік топтар жұмысының әлсіреуі, халықты вакциналау бойынша белсенді жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді. Ағымдағы жылғы мамыр айында елорда бойынша халықты КВИ-ға қарсы иммундау көрсеткіші сәуір айымен салыстырғанда 50% - ке төмендеген.

Барлық анықталған кемшіліктер бойынша Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне бір апта ішінде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін оларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл мәселе ВАК-тың тұрақты бақылауында болады.