Вагонның да «көзі» бар

Вагонның да «көзі» бар
Сурет: ашық дереккөз

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының бас директоры Жәнібек Тайжанов алдағы үш жылда жолаушылар пойыздарының бәрі бейнекамерамен жабдықталатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін нығайтып, штаттан тыс жайттарды азайту үшін компания бейнебақылау жүйесін кезең-кезеңімен енгізіп жатыр. Қазір көліктегі полиция департаментімен бірге Жол картасына қол қойылған. Бірлескен жоба аясында бірінші кезеңде мейрамхана-вагондарда бейнебақылау камералары орнатылған еді. 25 маршруттағы пойыздарға 146 дана камера орнатылды. 2022 жылдың қарашасы мен 2023 наурызы аралығында пилоттық жоба аясында стандартты вагондар мен «Тальго» пойыздарында да камералар орнатып бастадық», - деді ол.

Компания басшысы бұл ілкі жақсы нәтиже бергенін айтып отыр.

«Қазір техникалық негіздеме әзірлеп жатырмыз. Биыл бастап, үш жылдың ішінде бүкіл пойыздарды бейнекамерамен жабдықтауды жоспарлап отырмыз», - деді Жәнібек Тайжанов.