V Қысқы спартакиаданың жабылуы: Алматы спортшылары үздіктер қатарынан көрінді

V Қысқы спартакиаданың жабылуы: Алматы спортшылары үздіктер қатарынан көрінді
Сурет: YouTube

Жерлестер жарады!

Алматылық спортшылар V Қысқы спартакиада ойындарында 5795 ұпай жинап, командалық есепте топ жарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жеті күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысы 2-орынға жайғасса, үшінші орын Ақмола облысының спортшыларына бұйырды.

Шараның жабылу салтанаты әдеттегідей «Алматы Арена» спорт кешенінде өтті.  

Еске сала кетейік, 4 жылда бір өтетін спартакиадаға 1300-ге жуық спортшы қатысып, қысқы ойындардың 14 түрінен бақ сынады.  

«Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы V қысқы спартакиада. Жарыс жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, спортшыларды халықаралық жарыстарға даярлау», – деді спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов.