Универсиадада қазақстандық шорт-трекшілер екінші рет күміс медаль алды

Универсиадада қазақстандық шорт-трекшілер екінші рет күміс медаль алды
сурет:olympic.kz

Жігіттер құрамасы 5 мың метрлік эстафетада 7:12.409 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды.

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрберген Жұмағазиевтің мәлім еткеніндей, жігіттер құрамасы 5 мың метрлік эстафетада 7:12.409 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды.

Оңтүстік Корея құрамасы (7:10.689) жеңімпаз атанса, нидерландылық студенттер (7:12.450) қола жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстан құрамасы сапында Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Валерий Клименко және Санжар Жанисов өнер көрсетті.

Бұл – шорт-тректен Қазақстан құрамасының Универсиададағы екінші күміс жүлдесі.