Универсиадада Қазақстан құрамасы 10-шы орынға көтерілді

Универсиадада Қазақстан құрамасы 10-шы орынға көтерілді Сурет: Prosports.kz

Қытайдың Чэнду қаласында  ХХХІ Жазғы универсиаданың үшінші жарыс күні аяқталды.


Медальдар кестесінде Қазақстан 10-орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚазАқпараттың хабарлауынша, қазір ел құрамасы еншісінде 11 медаль бар. Оның бірі – алтын, бесеуі – күміс, бесеуі – алтын.


Медальдар кестесінде қазақстандық спортшылар 14-орыннан 10-орынға көтерілді. Көш басында 28 (17-6-5) медальмен Қытай келеді. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Кореяның – 28 (13-10-5) Жапонияның 25 (11-7-7) медалі бар.


Жазғы универсиаданың үшінші жарыс күні, 31 шілдеде Қазақстан 6 медаль алды.


Атап айтқанда, таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) дүниежүзілік доданың жеңіс тұ,ғырына көтерілді.


Ал Диана Тұрсынбек (садақ ату) екінші орыннан көрінді.


Көркем гимнастикадан Елжан Таниева екі күміс (доп пен лентамен өнер көрсету), бір қола (құрсаумен сайыс) алды.


Ел құрамасынан винтовкамен 10 метр қашықтықта оқ ату сайысында Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев және Никита Шахторин қола жүлде иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38