Украиналық босқындар саны 5,5 миллионнан асты

Украиналық босқындар саны 5,5 миллионнан асты
Cурет: Ашық дереккөз

Мигранттардың 3 миллионнан астамы Польшаға өткен

Украинадан бас сауғалап қашқан босқындар саны 5,5 миллионнан асты. Кейінгі 2 күннің ішінде 70 мыңнан аса украиналық көрші елдерге өткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұұ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссар басқармасының мәліметінше, мигранттардың 3 миллионнан астамы Польшаға, Румынияға 825 мыңы, Венгрияға жарты миллионы, 656 мыңы Ресейге барған. 

Украина тұрғындары 24 ақпанда Ресей әскері ел аумағына басып кіргеннен кейін жаппай шетелге қаша бастады.