Украинадан астық тиелген үш кеме жолға шықты

Украинадан астық тиелген үш кеме жолға шықты
Сурет: News.un.org

Бұл кемелер Босфорға бағыт алды

Украина кемежайларынан бортында жүгері бар үш кеме шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ кемелер қозғалысын бақылайтын болады. Олар Босфор бұғазына дейін барып, сол жерде тексерістен өтеді. Бүгін Біріккен үйлестіру орталығы Черноморскіге бара жатқан Fulmar S құрғақ жүк кемесін тексеруді аяқтады.

Кеше Біріккен Үйлестіру Орталығы (БҮО) Қара теңіз астық бастамасы аясында үш жүк кемесіне Украина порттарынан шығуға рұқсат берді. Олардың -екеуі Черноморскіден және біреуі Одессадан шықты. Кемелер бортына барлығы 58 041 тонна жүгері тиелген.

Теңіз гуманитарлық дәлізінен өтуге рұқсат алған кемелер 5 тамызда жолға шықты. Polarnet құрғақ жүк кемесі Черноморск портынан шығып, Түркияның Қарасу қаласына бағыттады. Navistar кемесі Одесса портынан Ирландияның Риyгаскидди қаласынf шықты. Rojen құрғақ жүк кемесі Черноморскіден британдық Тизпортқа бет алады.

«Үш кеме жол жүріп келе жатыр. Біз олардың қозғалысын бақылаймыз. Олар Босфорға жеткен соң қайта тексеріледі», - деді жұма күні Нью-Йоркте өткен брифингте БҰҰ өкілі Стефан