Украинадағы қазақтар елге жеткізіле ме?

Украинадағы қазақтар елге жеткізіле ме?
Сурет: 9111.ru

Донецк және Луганск халық республикаларындағы жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жолдары қарастырылып жатыр.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Біздің Киевтегі елшілік қазір толық жұмыс істейді. Бұл Украинадағы біздің азаматтарымызбен байланысты. Әрине, оларды эвакуациялау жолдары қарастырылады. Сондықтан қандай да бір соғыс қимылдары болған жағдайда, Қазақстан азаматтары Киевтегі елшілігімізбен шұғыл байланыса алады», -  деді ҚР Сыртқы істер министрі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар Украинада орналасқан.

«Украинада біздің дипломаттар әлі де бар. Соғыс жағдайында біздің ведомство эвакуациялау жоспарларын жүзеге асыратын болады», - деп қосты Мұхтар Тілеуберді.

Ол сондай-ақ Қазақстанда Донецк және Луганск халық республикаларын тану туралы мәселе көтерілмегенін хабарлады. Қазақстанның түпкілікті ұстанымы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қабылданады.