Украинадағы қазақстандықтар отырған төртінші рейс елге келді

Украинадағы қазақстандықтар отырған төртінші  рейс елге келді
inform.kz

Қазақстан азаматтары мінген төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:57-де Нұр-Сұлтан қаласына қонды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан азаматтары отырған төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:57-де Нұр-Сұлтан қаласына қонды. Бортта 155 жолаушы бар», - делінген комитет хабарламасында.

Еске салсақ, кеше түнде Польшадан Украинадағы қазақстандықтар мінген төртінші рейс ұшып шықты.

Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сенсек, 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:05-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға Украинадан эвакуацияланған ҚР азаматтары мінген төртінші репатриациялық рейс ұшқан.