Украинадағы қақтығыс кезінде қазақстандық келіншек босанып, ұлды болды

Украинадағы қақтығыс кезінде қазақстандық келіншек босанып, ұлды болды
Сурет: News.myseldon.com

Жігерлі болсын деген ниетпен атын Батыр қойған.

Босануға айы-күні жақындаған кезде Ләззат Игілік Киевте болған. Украина мен Ресей елдерінің арасындағы басталған қақтығыстың төртінші күнінде, яғни, 28 ақпан күні Ләззат сәбилі болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aikyn.kz cілтеме жасап.

 «Ұлым қайсар, жігерлі болсын деген ниетпен Батыр деп атадым. Негізі эвакуация жасалатын болып, жолға шыққанбыз. Жол ортада босанып қалды. Артынан Дунаев ауданына қарасты перзентханаға жеткізілдік. Сонда түнеп шықтық», –  дейді нәрестенің әкесі Бауыржан Игілік.

Оның айтуынша, олар сол жақта төрт күндей болған. Босанған келіншектің бәрі жертөледе жатқан. Бірнеше тәулік бойы автобуспен жүргеннен мазасызданғаны болмаса, қазір сәбидің жағдайы жақсы. Елге келгенше Батыр ұйықтап келген.